Далада шашылып жатқан адам сүйегінің желіде тараған суретіне қатысты полиция түсінік берді

Сурет: Facebook.com/LyazzatBaktibayeva
Әлеуметтік желіде Қызылорда өңірінде бірнеше күн қатты жел тұрып, құм көшіп, Белкөлдегі пойыз отстойы маңында адам сүйегі табылғаны туралы хабарлама тараған. Бұған қатысты өңірдегі полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Аталған дерек бойынша 001 (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында, адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынған", делінген полиция хабарламасында.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін.

Әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейтіні де нақтыланады.


Сурет: Facebook.com/LyazzatBaktibayeva


Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін