Қызылорда қалалық білім бөлімі "Ziyatker" жеке инновациялық мектеп-лицейінде болған оқиғаға байланысты төмендегіні мәлімдейді.
2023 жылдың 20 сәуірінде Қызылорда қаласындағы "Ziyatker" жекеменшік мектебінің 4 сынып оқушысы түскі үзіліс кезінде киім ілетін шкаф үстіне құлап, зақым алған. Оқыс оқиғаға мектептің 3 оқушысы бірін-бірі шкафқа қарай итеріп ойнауы түрткі болған.
"Орын алған оқиға кезінде оқушының ата-анасына хабар беріліп, қыз бала жедел-жәрдеммен облыстық балалалар ауруханасына жеткізілді". Қызылорда облысы Білім басқармасы
Орын алған оқиғадан соң облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің мамандары арнайы тексеріс жүргізді. Ауруханада оқушының анасымен кездесіп, мектеп басшысы, сынып жетекшісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, фельдшермен әңгіме жүргізілді. Анасының келісімі бойынша емдеуші дәрігерден баланың хал-жағдайын біліп, сөйлесті.
Орын алған оқиғаға байланысты мектеп әкімшілігі оқушының еміне қажетті қаржылай көмек көрсетуге дайын екенін айтып, сондай-ақ оқушының оқуын тегін жалғастыруын, арнайы репетитор қызметі де ұсынылды. Алайда, баланың ата-анасы бұл көмектерден бас тартып, арыз тек заң аясында шешілетінін жеткізді.
28 сәуірде аталған жағдай бойынша іс сотқа жолданып, тергеу амалдары жүргізілуде.