Алматы әуежайында мас төрт шетелдік рейстен түсірілді

Сурет: Zakon.kz
Масаң күйдегі Қытай Халық Республикасының төрт азаматын Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейстен түсіріп алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Air Astana әуекомпаниясының өкілінен Алматы – Атырау рейсімен ұшпақшы болған біртүрлі жолаушылар туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында 28, 32, 38 және 42 жастағы Қытай азаматтарын анықталды. Арызданушының айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйінде болған, балағат сөздер айтып ортақ пайдаланылатын орынды ластаған.


"Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқықбұзушыларда алкогольдік масаңдықтың «орташа» дәрежесі анықталды. Шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып әрқайсысыны 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы