Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпекші болған жеті шетелдік ұсталды

Сурет: pxhere
Өзбекстан азаматтары өткізу пункттерін айналып өтіп, Қазақстан мен Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпекші болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының мәліметінше, тепловизор жеті адамның өткізу пункттерін айналып өтіп, Қазақстан мен Ресей шекарасын заңсыз кескенін тіркеген.

"Тепловизорда іс-қозғалыс нақты тіркелді. Шекарашылар шұғыл әрекет етіп, олардың заңсыз әрекеттерінің алдын алды. Аталған адамдар ұсталды. Олар шекарадан өту құқығының шектелуіне байланысты осындай заңсыз әрекетке барғаны анықталды", - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің БҚО бойынша департаменті.

Ұсталған Өзбекстан азаматтары жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді