"Атамекен" ҰКП-ның экс-басшысы Абылай Мырзахметов өте қомақты парамен ұсталды

Сурет: atameken.kz
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметова 30 млн доллар (13,3 млрд теңге) көлемінде пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикор оның ұсталғанын және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады.

Айта кетсек, Абылай Мырзахметов  2022 жылы ақпанда "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметіненөз еркімен кеткен болатын. Ол өзіне тағылған сынмен келісетінін айтып, Ұлттық палатаның кезектен тыс IX съезінде мәлімдеме жасаған болатын. 

Айта кетсек, ол бұған дейін ҚР Президенті жанындағы экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болған.

Сондай-ақ, "Қазақстан темір жолы" РМК бас директорының міндетін атқарушы, "Самұрық-Қазына" қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің жауапты хатшысы болды.

Антикор кейінірек егжей-тегжейлі ақпарат беруге уәде берді.

2003 жылы мамырда Мырзахметов мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастырды деген айыппен мүлкі тәркіленіп, шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы