Қызылорда облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Сурет: polisia.kz
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер органдарында орын алған кадрлық өзгерістерге байланысты бүгін Қызылорда облысының актив жиыны өтті.

Жиынға арнайы келген ҚР ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге облыстық ПД-ның жаңа басшысын жеке құрамға таныстырды.

Полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов 1962 жылы туған. 1990 жылы инженер мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын бітірген, 2001 жылы заңгер мамандығы бойынша Орта-Азия университетін тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 1981 жылы бастаған. Жауапты басшылық қызметтерде болған.

2016 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының қызметін абыроймен атқарған.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі