Алматы облысы Мәдениет басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді

Сурет: gov.kz
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" ММ басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ведомство басшысы Әлия Жақыпбекова болып табылады. Ол бұл лауазымды қызметті 2022 жылдың шілдесінен бастап атқарып келеді. 

"Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктенеді. Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды". Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі

     

Құзырлы ведомство сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жүргізіліп жатқанын нақтылайды. 

"ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды", делінген Антикор хабарламасында. 

Айта кетсек, 12 мамырда Астанада Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдіктінің туыстары қатысқан рұқсат етілген митинг өтті. Ведомствоның хабарлауынша, жиналғандар оның кінәсіз екенін айтып, объективті тергеу жүргізуді талап еткен. Сонымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Жетісу филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты