Жыл басынан бері Конституциялық сотқа шамамен 2,7 мың адам жүгінген

Сурет: akorda.kz
ҚР Конституциялық сотының мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар айының басынан бастап конституциялық бақылау органына жүгінуге құқығы бар субъектілерден 2,7 мың өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ай сайын Конституциялық Сотқа әртүрлі мәселеге қатысты 500-ден астам азаматтың жүгінетінін көрсетеді. 

Мысалы, Конституциялық сот қаңтар айында 826, ақпанда – 680, сәуірде – 568, мамырда 536 өтініш тіркеді, олардың көпшілігі Конституциялық заң талаптарына сәйкес келмеген.

Талдау көрсеткендей, өтініштердің 99%-ы азаматтардан келген, олар мына мәселелерді көтерген:

- сот шешімдерімен келіспеу – 42%;

- НҚА немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану – 25%;

- ақпаратқа қол жеткізу – 3,5%;

- еңбек заңнамасын сақтау – 1,3%;

- әлеуметтік қамсыздандыру – 1,4%;

- қылмыстық-атқару жүйесі – 1,4%.


Сурет: ҚР Конституциялық соттың баспасөз қызметі


Өтініштер саны бойынша Астана мен Алматы қалаларының, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарының тұрғындары көш басып тұрғанын көрсетеді.


Қазіргі таңда 9 іс бойынша конституциялық іс қозғалды, тағы 44 іс судьялардың алдын ала зерделеуінде.

Конституциялық соттың 4 айлық қызметінде 11 нормативтік қаулы шығарылды, оның 8-і азаматтардың өтініші бойынша. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды