Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен әжей үш күннен кейін әлсіз күйде табылды

Сурет: polisia.kz
13 мамырда Панфилов ауданында үйінен шығып кеткен зейнеткерді іздеу шаралары үш күннен астам уақытқа созылды. Әбден қажыған 72 жастағы әйел өзінің туған Лесновка ауылынан 15-20 шақырым жерде ескі әскери полигонның жанынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер қарт әйелді іздеу жұмыстарына туыстарынан бөлек еріктілерді, шекарашыларды және жергілікті халықты, барлығы 100-ге жуық адам тартты.

"Іздестіру тобының бірі қалың тоғай арасынан әжейдің орамалын тауып, іздеу бағытын анықтай алды. Жалғыз өзі жүрген әйелді жергілікті шопандар байқап, оның ізіне түсіп келе жатқан іздеушілерге хабарлаған. Тамақ пен сусыз ол қатты әлсіреп қалған", делінген полиция хабарламасында.

Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін туыстары оны үйіне алып кеткені де нақтыланады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды