Алматыда салынып бітпеген тұрғын үй кешені сүрілуі мүмкін

Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені заңсыз тұрғызылған үйлердің тізіміне енді. Бұл жолы Обсерватория көшесі, 104/4 мекенжайында орналасқан "Арман" таунхаусы бойынша сот талқылаулары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыдағы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, тұрғын үй кешенінің 1-ші нүктесінен келісілген эскиздік жобадан ауытқу тіркелді, 2-ші нүктеден рұқсат құжаттамасы жоқтығы анықталды.

"Бүгінгі таңда бірінші орынды меншік иесі өз бетінше пайдалануға берді. 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімге ұйғарым бере отырып, тапсырыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды. Былтыр 14 қазаннан бастап тапсырыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша нұсқаманы орындамағаны үшін жауапқа тартылды", делінген басқарма хабарламасында.

Басқарма нысанды пайдалануға қабылдау және бұзу актісінің күшін жою туралы сотқа талап арыз жолдады, бүгінгі таңда сот талқылаулары жүріп жатыр. Пәтерлерді сатып алмай тұрып салынып жатқан ТҮК құжатының бар-жоғын қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp жедел желісі нөмірі бойынша тексеру керектігі ескертіледі. 

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: