Видеосы желіде тараған төбелесқұмар оқушы қыздардың оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды

Сурет: видеодан алынды
Талдықорғанда 15 жастағы қызды жабылып ұрған үш қыздың бірі сот шешімімен девианттық мектепке ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиға анықталғаннан кейін арнайы комиссия құрылып, бұзақылық жасаған қыздарға қатысты шешім шығарылды. Оның негізінде, 10 мамыр күні Мейрамгүл Нұржанқызы девианттық мектепке ауыстыру ұйғарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мейрамгүл Нұржанқызы Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектептің 9-сыныбында оқиды. Ол 10 мамыр күні сот шешімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебіне ауыстырылды. Бұл тәртібі қиын балаларға арналған девианттық мектеп. Ол білім ордасы арнайы қоршалған. Білім алушылар полицейлер мен тәрбиешілердің бақылауында болады", - деді Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектеп директоры Ерік Саржігітов.

Айта кетсек, 9 қаңтарда әлеуметтік желіде Талдықорғанда белгісіз үш қыздың кәмелетке толмаған қызды ұрып жатқан видеосы тарады.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев