Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі журналистерді заң талаптарын сақтауға шақырды

Сурет: Facebook/darhan.hidirali
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында журналист Думан Мұхамедкәрім туралы ақпаратпен танысқанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол журналистік қызметі үшін емес, заңды бұзғанына байланысты айыпталып отыр.

"Қазақстан – құқықтық мемлекет, заң алдында бәріміз бірдейміз. Сондықтан әріптестерімді заңды бұзбауға және оны құрметтеуге шақырамын". Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі

Министр журналистер Мәжіліс дәлізінде өзінен осы мәселе туралы сұрағанын да айтады. 


"Сол жерде де "саяси көзқарас үшін" деп қоғамдық тәртіпті бұзғанына байланысты айыпталғанын меңзеген едім". Дархан Қыдырәлі

Айта кетсек, Думан Мұхаметкәрім Мәжіліс сайлауына өз үміткерлігін ұсынған журналист. Ол 30 қаңтарда Мәжілістегі сайлау додасынан шеттетілді. 20 наурызда Думан Мұхаметкәрім Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырды. 21 наурызда оның 25 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. 15 сәуірде ол қамаудан босатылғанымен, 2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі