Ақмола облысында жылдамдық режимін 137 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысының полицейлері жылдамдық режимін 137 рет бұзған жүргізушіні ұстады. Жүргізушіге салынған айыппұлдар сомасы 1 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірде 7-30 маусым аралығында "Борышкер" шарасы жүргізліп жатыр. Арнайы іс-шараның алғашқы аптасында 5 және одан да көп әкімшілік айыппұлдары бар 20 жүргізуші ұсталды. Бұл ретте 14 қасақана бұзушы шамамен 3 млн теңге сомаға айыппұл төледі.

"Олардың ішіндегі өрескел құқық бұзушы РФ-да есепте тұрған Toyota Camry автокөлігін басқарған Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. "Қорғау" бағдарламасының көмегімен полицейлер ер адамның жылдамдықты 137 рет асырып жібергенін анықтады. Бұл құқық бұзушылық 1 млн 250 мың теңге айыппұлды құрады", делінген өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушының көлігін арнайы тұраққа қамады.

Бұдан басқа, “Қорғау” бағдарламасының көмегімен жүргізушілері басқару құқығынан айырылған 3 көлік анықталды. Бұл көлік құралдары базада басқару құқығынан айырылған деп аталды.


"Жалпы, "Борышкер" ЖПІШ өткізу кезеңінде борышкерлерден шамамен 30 млн теңге өндірілді, 43 көлік құралы арнайы тұраққа қамалды", делінген ресми хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды