Оралда пара алған екі полицей сотталды

Сурет: Zakon.kz
Оралдағы полицейлер миллиондап айыппұл төлейтін болды, бірақ бас бостандығынан айыру жазасына кесілмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есірткі таратумен айналысқан азамат полиция шендісінің ісі бойынша куәгер ретінде тартылды. Сот процесінде ол бизнесін кедергісіз жүргізіп отыру үшін ай сайын есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының екі қызметкеріне ақша төлеп отырғанын айтты. Кейін олардан жауап алынды. Олар пара алды деген күдікке ілінді.

Бүгін, 14 маусымда Орал қалалық сотында экс-полицейлеріне қатысты үкім шықты. Прокурор жарыссөзде оларды 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, бірақ судья сотталушыларға миллиондап айыппұл салды.

Бұған дейін Орал қаласында полиция бастығы 110 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген болатын.

Айыптаушы тарап ол Ресей Федерациясының аумағынан келген, астық тиеген жүк көліктерінің қала бойынша кедергісіз қозғалуына, рұқсат етілген жүк көлемінен асып кеткеніне көз жұма қарауы үшін ақша алды деп мәлімдеді.

Нәтижесінде ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті