Ақтөбеде абайсызда кісі өлтіріп алған студент 8 жылға сотталды

Сурет: freepik
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шалқар ауданындағы 14 жасар оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қаралды. Айыпталушы - 17 жастағы студент кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған қайғылы оқиға 2022 жылы 20 желтоқсанда Шалқар ауданында болған.

Сот материалдарына сәйкес, 2006 жылы туған кәмелетке толмаған "Д" масаң күйінде оң аяғымен жеткілікті күшпен кәмелетке толмаған "Ж"-ның кеуде тұсынан соққы жасап, салдарынан жәбірленуші қаза тапты. Сотталушының кінәсі куәлардың, сарапшының айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен расталады.

Прокурор сотталушыға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін ішінара мойындады.

Сот ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігінің санкциясы бойынша сотталушының мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.


"Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кәмелетке толмаған жасын және соттылығының жоқтығын таныды.Қылмыстық құқық бұзушылықты масаң күйде жасау қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылды. Сот үкімімен "Д" кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды және жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемелерінде өтеу белгіленді". Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Сотталған адамнан жәбірленуші тараптың пайдасына 10 000 000 теңге сомасында моральдық залал, 1 679 090 теңге материалдық және 200 000 теңге өкілдік шығындар өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты