Апелляциялық сот Жанболат Мамайға қатысты алдында шыққан үкімді заңды деп таныды

Апелляциялық сот Жанболат Мамайға қатысты алдында шыққан сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"М. бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып: азаматтарды тіркелмеген партия қатарына қосылуға және оппозициялық ортада мансаптық өсімге қол жеткізуге шақырды; саяси жағдайды тұрақсыздандыру мақсатын көздей отырып, қоғамдық сананы манипуляциялауға ұрындырды; халықтың борыштық кредиттік жүктемесіне байланысты әлеуметтік шиеленісті пайдалана отырып, ҚР Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің кредиттік рақымшылық жариялауы туралы көрінеу жалған ақпарат таратты; банктерде және елдің микрокредиттік ұйымдарында кредиттері бар азаматтардан несиелерін жою жөнінде өтініш беруді, содан кейін күн сайын осыны талап етуге шақырды", делінген Алматы қаласы сотының хабарламасында.

Одан кейін ол 04.01.2022 жылы тіркелмеген партия атынан сөз алып, елдегі әлеуметтік шиеленісті жағдайды біле отырып, Алматы қаласының "Алматы Арена" мұз айдыны сарайының жанында заңсыз митинг ұйымдастырды. Халыққа тастаған үндеулері арқылы ол ҚР билігіне, құқық қорғау органдарына теріс, сыни көзқарастың пайда болуына, ҚР-дағы билікті алмастыру қажеттігі туралы пікірдің қалыптасуына түрткі болды. Сондай-ақ  ҚР-дағы биліктің өзгеруіне қойылатын талаптарды қолдау мақсатында митингілерге қатысуға ынталандыру және адамдар бойында зорлық-зомбылықпен, талқандаумен, өрттеп, қиратумен бірге қала аумағында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, мүлікті жою, атыс қаруын қолдану, сондай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету ниетін туғызды.

Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 29 маусымдағы апелляциялық алқасы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды және сот үкімі заңды күшіне енді.

10 сәуірде Алматыда Жанболат Мамай публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, шартты түрде 6 жылға сотталды.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: