Талдықорған әкімдігінің бірнеше қызметкері бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істейтін екі қызметкерді, сондай-ақ техникалық қадағалаудың екі қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың барлығы уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

Оларға Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деп күдік келтіріледі.


"Жұмыстарды нақты орындамай, олар мердігерге 500 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын төлегені анықталды. Осы фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", деп хабарлайды Жетісу облысы прокуратурасы.

Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді