"Зорлап, өртеп жіберген". Жетісу облысында жантүршігерлік оқиға орын алды

Сурет: unsplash
Жетісу облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында 42 жастағы әйелді қатыгездікпен өлтіру ісін полиция тергеп жатыр. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1980 жылғы әйел бір апта бұрын Жаркентте зорланған. Қылмысын жасыру үшін қаскөй оны өлтіріп, денесін өртеп жіберу туралы шешім қабылдайды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

"Заңда көзделген барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға бере отырып, түпкілікті процессуальдық шешім қабылданатын болады", - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.


Тергеу мүддесіне сай өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, бірақ орын алған қылмыс фактісін және ол бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын облыстық прокуратура Zakon.kz-ға растады.

Айта кетсек, алдында Алматыда 2023 жылы 20 маусымда заңгер Айман Асанованың қатыгездікпен өлтірілуі ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын. Алқабилер соты оның бұрынғы күйеуі – Талғат Нұртаевқа 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл шешім қоғамдық наразылықты туғызып, содан кейін үкімнің күші жойылды. Іс жаңа сот талқысы үшін кері жолданды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді