Өгей қызын өлтірді деген күдікпен алматылық әйел екі айға қамауға алынды

Сурет: pexels
Алматыда 7 жасар қызды өлтірді деп күдікке ілінген әйел екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Zakon.kz-ға 2023 жылдың 14 шілдесінде қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Айыпталушы 2023 жылдың 11 қыркүйегіне дейін қамауда болады.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 14 шілдедегі қаулысы бойынша сотқа дейінгі тергеу органының ауыр қылмыс жасады деген айыпталған күдікті Т-ға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініші қанағаттандырылып, санкция берілді", делінген сот хабарламасында.


Бұған дейін өгей шешенің жеті жасар өгей қызын өлтірді деп күдікке ілінгені хабарланған.

Қыздың туыстарының айтуынша, өгей шешесі баланы бірнеше ай бойы аяусыз ұрып-соққан. Жиі орын алатын жанжалдарды сырттай да естіп, тіпті өз көзімен көрген кездері де болыпты. Көршілері қызды өгей шешесі ғана емес, туған әкесі де ұратынын айтқан. Бірақ балаға қорған болуға ешкім асықпаған. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды