Түркістан облысындағы қыз өлімі: Күдікті өзге қылмысы үшін екі ай бұрын ғана сотталған

Түркістан облыстық соты Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында болған ауыр қылмысқа қатысты ұсталған күдікті туралы тыңғылықты мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомствоның мәліметінше, Жібек жолы ауылында жас қызды зорлады және өлтірді деп күдікке ілінген азамат Г. 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған болып шықты. Ол 2016 жылы жазасын өтеп болуына байланысты босатылған.

"Аталған соттылық Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаментінің анықтамасына сәйкес 2022 жылы өшірілген. 2023 жылдың мамыр айында күдікті денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған. Ол жәбірленушімен алкогольді сусынды бірге тұтынып, арада туындаған жанжал төбелеске ұласқанда қарсыласының денсаулығына ауыр дәрежелі зиян келтірген". Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі

Сот осы қылмыстық істі қарау барысында кінәні жеңілдететін жағдайларға қарастырды. Бұл - кінәсін толық мойындау және жасаған ісіне өкіну, келтірілген зиянның орнын толтыру және жеңіл жаза тағайындауды сұраған жәбірленушінің кешірім беруі. Сондай-ақ, үкім шығарылған кезде Г-ның соттылығы болмаған жоқ, өйткені алдыңғысы заң бойынша өтелген. Кінәні ауырлататын жағдайлар анықталмаған.


"Осыны ескере отырып, сот ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі бойынша Г-ны кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жаза жәбірленушінің пікірін ескере отырып, аталған баптың санкциясы шегінде тағайындалады. Үкімге апелляциялық шағым түспеген немесе наразылық білдірілмеген. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталған Г. қылмыстық-атқару жүйесі органдарының пробациялық бақылауына берілді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, Түркістан облыстық әкімдігі қыз баланың өліміне қатысты түсініктеме беріп, Сарыағаш ауданында жағдай тұрақты екенін хабарлаған болатын. 

Түркістан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: