Шымкентте көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды

Сурет: Zakon.kz
ҚР ҰҚК-ның Шымкент қаласындағы департаменті және қалалық ПД-ның жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлесе өткізген жедел іс-шаралары барысында демалыстағы көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай пара алды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.

Бұған дейін маусым айының басында Қарағандыда полиция подполковнигі пара алғаны үшін ұсталғаны белгілі болған.

Шымкент
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз