СҚО-да білім беру саласында миллиондаған бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды

Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО-дағы департаменті
Қазақстан бойынша өткізілген орта және мектепке дейінгі білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері СҚО әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Сергей Перов өз сөзінде талдау объектісі кездейсоқ таңдалмағанын, соңғы жылдары білім беру саласында үш жүзден астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалып, 143 адам сотталғанын атап өтті.

"Өңірлік деңгейде негізгі назар жоспарлау мен еңбекақы төлеу қорына аударылды, онда білім беруге бөлінген облыс бюджетінің 80%-ға жуығы жұмсалады. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын жүйелі проблемалар белгіленді. Жалақыны, түрлі қосымша ақыларды заңсыз есептеу, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстарды төлеу және т.б. жолымен бюджет қаражатын ұрлау схемалары ашылды", - деді Сергей Перов.

Мысалы, аталған департамент талдау барысында ағылшын тілі мұғаліміне жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам қосымша ақыны негізсіз есептеуді белгіледі, залал өтелді.

Сондай-ақ аудандық білім бөлімінің бухгалтерінің жалған адамдарға жалақыны аударуы және бөбекжай бақшаның есепшісінің өз банктік есепшотына аударуы арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Алдын ала залал шамамен 90 млн теңгені құрайды.


"Әрбір факті бойынша СҚО бойынша ІМАД тексеру жүргізіледі, қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға берілетін болады. Бүгінгі таңда департамент жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам ұрлық фактілері бойынша 2 қылмыстық істі тіркеді", - деп атап өтті Сергей Перов.

Талдау қорытындысы бойынша барлығы 20 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, оларды жою үшін 34 ұсыным әзірленді, оның ішінде 16 ұсыным орталық деңгейге енгізілді және 18 ұсыным жергілікті деңгейде орындалатын болады.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі