Түркістан облысында жоғалып кеткен әйелге қатысты тың мәлімет жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында жоғалып кеткен әйелге қатысты туыстары полицияға жаңа деректер жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жоғалып кеткен Г.Наржігітованың туыстарынан сұрақ-жауап алу барысында оның құны 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды. Оған қоса әйелдің бір тәуліктен астам хабар-ошарсыз кетуі де күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды", делінген өңірлік полиция хабарламасында.

Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды. Оның ішінде Мақтаарал АПБ-ның барша жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар.

Жоғалып кеткен 1985 жылғы Гүлсім Наржігітова туралы қандай да бір ақпарат білгендерге Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондары бойынша хабар беру сұралады.

Бұл факті Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында екені де нақтыланады.


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды