Арыста кісі өлтірді деген қос күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген екеуді анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 5 тамызда белгісіз біреулер Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша СДТБТ-ға тіркелген.

"Жедел уәкілдер арнайы іс-шаралар нәтижесінде Арыс қаласының тұрғындарын, яғни үш күдіктінің жеке басын анықтады. Бүгінде олардың екеуі ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта үшінші күдіктіні ұстауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр". Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Оқиғаның толық мән-жайы анықталу үстінде.

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынғаны да нақтыланады.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады