Павлодар облысының 19, 22 және 24 жастағы үш тұрғынына қатысты зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің барлығы Ертіс ауданында туылған.
"Соттың шешімімен 16 жасар жетім қызды зорлағаны үшін 19 жастағы тұрғын 15 жыл және алты айға бас бостандығынан айырды. Ол өмір бойына педагогикалық қызметпен айналыса алмайды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ, сотталушыдан жәбірленушіге моральдік зиян келтіргені үшін 8 миллион теңге өтемақы алынатын болады", деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Тағы екі айыпталушы 22 мен 24 жастағы тұрғынды ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылды. Олар төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаларын орта қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізеді. Үкім күшіне енгенге дейін бұлтартпау шарасы – қамауда ұстау өзгеріссіз қалды.
"С. және К.-ға қатысты балама жаза тағайындау және бұлтартпау шараларын қарастыра отырып, сот олар түзелуі қоғамнан оқшауланған жағдайда ғана мүмкін деп шешті. Қыз секіріп кетті. Сіздер ештеңе болмағандай қылмыс орнынан қашып кеттіңіздер. Кінәні ішінара мойындасаңыз да, жедел жәрдем шақырған жоқсыз. Көмек болған жоқ. Барлық іс-әрекеттеріңіз осындай жазаға әкеп соқтырды", – деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрешісі Бақыт Нұрланов.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Айта кетсек, 2022 жылы шілде айында 16 жастағы қыз бала туған күнге барып, отырыстан кейін өзінің әпкесіне үйіне қонуға шыққан. Жолда адасып, әпкесінің таныстарын кездестіреді. Олар оған такси шақырып үйге жеткіземіз деп уәде берген, алайда үш жігіт жасөспірім қызды алаяқтық жолмен пәтерге кіргізіп, зорлаған. Байғұс қыз қорлыққа шыдамай үйдің 10-шы қабатынан секірген. Ол ағаштардың үстіне құлағандықтан аман қалған, алайда қатты зардап шеккен. Бірнеше ай бойы ауруханада жатқан. Екі күдікті былтырғы жылдың шілде айында, ал үшінші күдікті қаңтарда қамауға алынды.