Ведомстводағылар шекара қызметі 2023 жылы тамызда шекара кеңістігінде, оның ішінде шекара арқылы өткізу бекеттерінде заңсыз қызметке қарсы іс-қимыл бойынша белсенді шаралар кешені жүргізілгенін нақтылады.
Көлік құралдары техникалық тексеру құралдары мен қызметтік иттердің көмегімен тексерілгені де атап көрсетіледі.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша шекара қызметі мынандай заңсыздықтардың алдын алды:
- Есірткі заттарн өткізуге тырысудың 35 фактісін, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалының 35 фактісі;
- жалған құжаттарды пайдаланудың 20 фактісі, қос азаматтық бойынша - 36;
- шамамен 2 млрд теңгенің контрабанда жайттары - 299, жалған құжаттар бойынша автокөліктерді әкелу және елден әкету - 27.
"Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзушылардың 909-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2023 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақ-қырғыз шекарасы учаскесіндегі "Қарасу" (Қазақстан) - "Ақ тілек" (Қырғызстан) өткізу бекеттерінде өткен тәулікте Қазақстан аумағына 350-ден астам көлік жіберілді. Кезек 80-100 автокөлікке дейін созылғаны байқалады, бұл тәуліктік мән көрсеткіштеріне және осы маусымға сай келеді.
Қазақ-қырғыз шекара учаскесіндегі басқа автомобиль өткізу бекеттерінде автокөлік құралдарының кептелісі байқалмайды.
Сонымен қатар, Өзбекстанмен арадағы шекарада қайтадан құрылымдаудан өтіп жатуына байланысты қазақстандық "Жібек жолы", "Жетісай", " Б. Қонысбаева атындағы" және "Қазығұрт" сынды көлік өткізу бекеттері алдында көліктердің жиналу фактісі бар.
Ресеймен арадағы шекарада "Сырым", "Жайсан" және "Қайрақ" өткізу бекеттерінің алдына көлік құралдарының ауық-ауық жиналу жағдайы кездеседі, бұл - жылдың ағымдағы кезеңіне тән құбылыс.
Шекара арқылы өткізу бекеттерінде қандай да бір қосымша шектеу шаралары енгізілмегені де нақтыланады.
2023 жылы 24 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның мониторинг тобы қырғыз-қазақ шекарасында болып, қырғыз халықаралық тасымалдаушыларының көліктерді өткізу бекетінің жұмысымен танысты.