БҚО полицейлері жоғалып кеткен үш жасар бүлдіршінді тауып, анасына табыстады

Сурет: polisia.kz
Үш жасар бүлдіршін 28 тамызда кешке қарай жоғалып кеткен. Баланың анасы полиция көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қараңғы түскен уақытта әйел қызымен келе жатып, кенет одан көз жазып қалған. Алдымен баланы әйел өз бетінше іздеп, табуға тырысқан. Онысынан түк шықпаған соң үрейлі әйел полиция қызметкерлеріне хабарласқан.

"Кішкентай бүлдіршінді іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу жұмыстары түнімен жүргізілді. Іздеу іс-шарасына 200-ден астам полиция қызметкері қатысып, соның ішінде шекара, төтенше жағдайлар қызметі, әкімдік және жергілікті ауыл тұрғындары, барлық аудан қызметтері ат салысқан", делінген полиция хабарламасында.

Іздеу салынған Айару таңғы 04:00-де шекара қызметінің кинолог иттерінің көмегімен ауылдан 6 шақырым қашықтықтан табылған.

Қыз аман-сау аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды