ШҚО түрмесінде Конституция күніне орай мерекелік шара өтті

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік іс-шарадан Шығыс Қазақстан облысы бойынша қауіпсіздігі барынша төмен №24 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жүрген азаматтар да қалыс қалмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекеменің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жазасын өтеп жатқан тұлғаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 

Сотталғандардың барлығы мекеменің ішкі күн тәртібіне бағынып, мерекелік мәдени шараларға белсене қатысты. Жаза басып жаңылған азаматтарды қайта қоғамға бейімдеуге тәрбиелік жұмыстарды үздіксіз жүргізіп тұрады.


"Әр мереке сайын мерекелік іс-шаралар, спорттық шаралар, викторина тәрізді мәдени шараларды өткіземіз. Ал бүгінгі іс-шараға Өскемен қаласының әртістерін шақырып, сотталғандарға мерекелік кеш ұйымдастырдық. Жазасын өтеп жатқан азаматтарда іс-шараға ат салысып, өз тараптарынан да үлес қосып ән айтты. Біздің басты мақсатымыз - сотталғандарды қоғамның толық құқылы мүшесі ретіндегі әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруіне, қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына көмектесу", - деді тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Рустам Сейітқазинов.
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады