Түркістан облысында көршісін балағаттаған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Түркістан облысының Отырар аудандық сотында көршісіне былапыт сөздер айтып, айналасындағыларды сыйламаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта құқық бұзушының 2023 жылғы 22 тамызда сағат 11.40 шамасында Отырар ауданы, Шойманов ауылында жәбірленуші С.Н-ға былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйластық танытпағаны анықталды. Сот ер адамның әрекетін құқыққа қарсы сипатын сезiніп, зиянды салдардың туындауына саналы түрде жол бергендіктен, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасаған деп таныды.

"Құқық бұзушының жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, және оның жасалу мән-жайларын ескеріп, сот оған 5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын қолдануды дұрыс деп есептеді", делінген соттың 29 тамыздағы хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды