Көлік салығы бойынша қарызды мұрагер өтеуі қажет пе

Сурет: Zakon.kz
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары көлік салығына қатысты өзекті сұрақтардың біріне жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Автокөлікті өз атыма аударайын дегенмін, бұрынғы иесі қайтыс болған. Бұрынғы иесінің көлік салығы бойынша берешектері бар болып шықты. Көлік салығы бойынша қарызы мен өсімпұлды кім және қалай төлеуі керек?", – деген сауал жолданыпты Комитетке.

Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, салық берешегін мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және оны алған күнгі мұрадағы үлеске сәйкес төлейді.

"Жеке тұлға қайтыс болған күні немесе оны соттың шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күні пайда болған салық берешегі төленеді. Бұл жағдайда өсімпұлды есептеу жеке тұлғаның қайтыс болған күніне дейін жүргізіледі", – дейді МКК мамандары.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды