Сотталушыларға қаңтар оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға әкеліп соққан, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану мен қызметтегі әрекетсіздік (ҚК 362-б. 4-б., 370-б. 4-б. 1-т.) бойынша айыптар тағылды.
"2022 жылдың қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні Тараз қаласының полиция басқармасы мен Жамбыл облысының полиция департаментіне жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылармен шабуыл жасалған. Бұл ретте Ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігінен арттехқұрылғылар (тапаншалар, оқ-дәрілер, арнайы құралдар және т.б.) мүлкі ұрланып, жоғалған. Нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілген", делінген іс материалдарында.
Сот іс материалдарын зерделей келе, Ш., Қ. З., О-ның кінәлері жәбірленушілер мен куәлердің айғақтарымен, түрлі сараптамалардың қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденген деп анықтады. Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуын таныды. Ауырлататын мән-жай ретінде қабылдаған антты бұзған адаммен төтенше жағдай және жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауларын таныды.
Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып, Ш, Қ, З-ға (ҚК 370-б. 4-б. 1-т. бойынша) 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салына отырып тағайындалды. Айыптау тарапымен З-ның іс-әрекеттері екі бап бойынша қате саралануына байланысты, қате берілген ҚК-нің 362-б. 4-б. (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) алынып тасталды. О-ның іс-әрекетінде ҚК 370-б. 4-б. 1-т. (Қызметтегi әрекетсiздiк) көзделген белгілер болмауына байланысты, сотпен оның іс-әрекеті ҚК-нің 371-б. 1-б. (Салғырттық) бойынша қайта сараланып, ол бойынша оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 02.11.2022 жылғы "Рақымшылық туралы" заңын қолданумен О. тағайындалған жазадан босатылды. Т-ның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ