Ақмола облысында жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында жоғалып кеткен 17 жасар қызды полицейлер мен еріктілер жабылып іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көкшетау қаласының полиция сына қыздың анасы көмек сұрап жүгінген.

Оның айтуынша, 2006 жылғы Лейла Асхатқызы Тойбазар 7 қыркүйекте сағат 15.00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. 

Жасөспірім белгілері: бойы 155 см, арық денелі, қоңыр көзді, шаштары қара және қысқа, маңдайының оң жағында кішкентай тыртық бар. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті жилет, басына қара кепка киген.

Қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, іздеуге еріктілер қосылды.

"Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін барлық адамдардан Сәтбаев көшесі 1 "а" мекенжайындағы Көкшетау қаласы ПБ-ға немесе 8-(7162)-29-96-00, 8-707-119-87-19 телефондары арқылы хабар беруіңізді сұраймыз", делінген хабарламада.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік