Жемқорлық бойынша сотталған БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары аппеляциялық шағым түсірді

БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Балтаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-шенді сот үкімімен келіспей, оған қатысты шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымы Ержан Балтаевтың 12 қыркүйекте сот үкіміне қарсы арыз түсіргенін жазады. Материалдар қазірдің өзінде сотқа келіп түскен. Аталған іс БҚО-ның апелляциялық сотында қаралатын болады. Алдын ала сот тыңдалымының мерзімі әлі белгіленбеген.

2023 жылдың шілде айының соңында әлеуметтік желіде БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. 3 тамызда облыс әкімінің баспасөз қызметі шенеуніктің "өз міндеттерін дұрыс атқармағаны" үшін жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Ержан Балтаев пен "Aqjaiyq ӘКК" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Артур Досқалиевке қатысты қылмыстық істі сотта қарау 2023 жылы 16 тамызда аяқталды. Сот оларды лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды. Олардың кесірінен мемлекетке келтірілген залал көлемі 1,9 млн теңге деп белгіленді. Сот үкімімен Ержан Балтаевқа 2500 АЕК немесе 8,6 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте жұмыс атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Ал Артур Досқалиев 1000 АЕК немесе 3,4 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, ол да өмір бойына мемлекеттік қызметке жолай алмайтын болды.

Орал
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: