Ақтөбеде радикалды діни ағымның өкілі деген күдікпен екі адам ұсталды

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2023 жылы 9 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияны жұмылдыра отырып, радикалды діни ағым ұяшығын бейтараптандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Терроризмді насихаттау күдігімен Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

"Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа дәлел заттар тәркіленді", делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.


Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне ҚР Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны да нақтыланады.


Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі