Кездесу барысында Нұрлан Еркебаев жас қызметкерлердің Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысу мүмкіндігі бар екенін жеткізіп, оның шарттарын түсіндірді.
"Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды. Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадр резерві сайтында әрбір жас қызметкерге қолжетімді. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген әрбір Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады, - деді Еркебаев.
Сондай-ақ ол іріктеу 6 кезең бойынша өткізілетінін жеткізді:
- инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
- агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
- сыртқы саясат және инвестициялар;
- экономикалық және қаржылық саясат;
- цифрландыру;
- әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі
Оның айтуынша, құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау, сарапшылық комиссияда әңгімелесу, ұлттық комиссия отырысында талқыланып, іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады және жеңімпаздар тізімі ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.
Департамент қызметкерлері өз тарапынан қызығушылық танытып, алдағы уақытта өз мүмкіндіктерін жібермеуге тырысатындарын айтты.