Павлодарда мас күйде көлік жүргізгені үшін мектеп директоры қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында мас күйде көлік рөліне отырған ауылдық орта мектептің директорына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың 15 қыркүйегінде азамат У. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы алкогольдік ішімдік тұтынбағандығын айтып, кінәсін мойындамады. Ал сотта жүргізушінің уәждері сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, лауазымды тұлғаның түсініктемесімен және бейнежазбамен жоққа шығарылды.

"Сот қаулысымен ол құқық бұзушылық жасауда ҚР ӘКБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырумен 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға тартылды".Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды