Петропавл тұрғыны жетім баланы пайдаланып, оның баспанасын заңсыз жалға беріп келген

Сурет: gov.kz
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балалар үйінде заңнаманы сақтау сұрақтарына талдау жүргізу барысында қамқоршының құқықтарын қасақана пайдалану арқылы, кәмелетке толмағанның құқықтарын дөрекі бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, Петропавл қаласының әкімдігімен  бекітілген қамқоршы С.  өзінің құқықтарын асыра пайдаланып, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің талаптарын бұза отырып, қамқоршылық органының рұқсатынсыз ұзақ уақыт бойы жетім баланың пәтерлерін заңсыз жалға беріп келген.

"Алайда, ол өзінің заңсыз әрекеттерін баланы балалар үйіне қайтарғаннан кейін де және қамқоршылықты қысқартқаннан кейін де жалғастыра берген. Анықталған бұзушылықтар бойынша  қадағалау органымен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және сәйкес шараларды қабылдау туралы сұрақты қоя отыра заң бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізілді", делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ 2023 жылы 12 қыркүйекте прокуратура органдарының материалдары бойынша  Петропавл қаласының полиция органдарымен ҚР Қылмыстық кодексінің 142-бабы, яғни "Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Қазіргі уақытта  балаға келтірілген шығынды анықтау шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Іс облыс прокуратурасының бақылауында". Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі