Текеліде "бостарға" үйінің жұмысын істеткен шендіге қатысты дау-дамай басылмай тұр

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында Текелі қаласының ТҮКШ бөлімінің басшысы Ғалым Қызылбаевқа қатысты дау-дамай басылмай тұр. Бұған дейін еңбек биржасына тіркеулі жұмысшылар оны лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыптаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыркүйек айының ортасында Текелі қаласы еңбек биржасына тіркеулі жұмысшылар Президент Тоқаевтың атына видео үндеу жолдады. Олар жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы өздеріне қоқан-лоқы көрсетіп, үйінің жұмысын істеуге мәжбүрлейтінін айтады. 

Кейінірек белгілі болғандай, шенеунік қарамағындағылардың айыптауларымен келіспеді және еңбек биржасының қызметкерлерінің үстінен жала жапқаны үшін арызданды. ТҮКШ бөлімінің басшысы қара жұмысшылардың үндеуін жариялаған блогерді де назардан тыс қалдырмаған. 

"20 қыркүйекте маған учаскелік полиция қызметкері қоңырау шалып, ТҮКШ бөлімінің басшысы менің және еңбек биржасындағы жұмысшылардың үстінен арызданғанын айтты. Ол бұл ақпаратты жала деп санайды екен. Бірақ содан кейін жұмысшылар маған оның үйінде жұмыс істегенін анық дәлелдейтін видеолар мен чектерді көрсетті. Видеодан олардың сол басшының үйінде жұмыс істеп жүргені анық көрінеді, оған қоса олар өз ақшасына жұмыс істеуге қажетті құралдарды сатып алған. Бұл мақсаттарға бюджеттен ақша бөлінетіндігіне қарамастан", - деді Zakon.kz тілшісіне Instagram-дағы "KazMediaNet" жергілікті парақшасының әкімшісі Зуфар Владимирович.

Еңбек биржасындағы жұмысшылар өздері атап өткендей, ТҮКШ бөлімі жұмысшыларға құрал-саймандар бермейді, сондықтан олар өз қаражаттарына күрек, сыпырғыш сатып алған. Сонымен қатар, жұмысшылар шенеуніктің үйінде жұмыс істеп жүрген видеоларын да көрсетті.

Бұл факт Жетісу облысы прокуратурасының назарына ілікті. Бүгінгі таңда мән-жайлар анықталып жатыр. 

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды