Алматыда мына жігіттен жапа шеккен такси жүргізушілеріне полицияға хабарласу сұралады

Сурет: polisia.kz
Алматыда такси жүргізушілерін алдап, телефондарын иемденіп алған күдікті ұсталды. Полицейлер бірқатар алаяқтық жасаған Алматы облысының 33 жастағы тұрғынының ізіне түсе алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, А. есімді азамат клиент ретінде таксиге отырған. Мекенжайға жеткеннен кейін, ол жүргізушіден қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, содан соң қашып кеткен. Қаскөй бөтеннің телефондарын сатып, түскен ақшаны өзіне жұмсаған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында 33 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмыс тізбегі қаланың бес ауданын қамтиды. Олардың негізінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қаскөй қамауға алынды. Алданған адамдардың көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Осыған байланысты, азаматтардан күдіктіні таныған жағдайда мына телефондарға хабарласу сұралады: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35.


Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін