Бір топ шымкенттікті зар илеткен кибераферистер іздестірілуде

Сурет: unsplash
Алматы, Ақтөбе, Тараз қаласының 31,36,37 жастағы тұрғындары шымкенттік 30 адамды алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 50 миллион теңгеге жуық, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алиса Аманова, Элина Хамидова және Рамис Расимов есімді азаматтарға 2023  жылдың шілде айында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша халықаралық іздеу жарияланған", делінген полиция хабарламасында. 


Сурет: polisia.kz


Олар көлік сату сайтында орналасқан басқа біреудің хабарландыруын көшіріп алып, оны төмен бағада жарнамалаған. Қоңырау шалған клиентпен кездесуге келіскен. Келесі кезекте олар клиенттің атын жамылып, көлік иесіне телефон соғып, онымен де кездесуге келіседі.

"Қаскүнемдер екі тарапқа да көлікті көруге және көрсетуге туысы келетінін, ақша жөніндегі мәселелерді онымен телефон арқылы шешу керектігін ескерткен. Осылайша олар нағыз сатушы мен сатып алушыны бетпе-бет жүздестірген соң, соңғысына қайта қоңырау шалып, ақшаны өз есепшоттарына аудартып алып отырған. Егер суретте көрсетілген азаматтарды көрген-білгендер болса немесе қандай да бір ақпарат білсеңіздер полицияның 102 арнасына және 8-7252- 97-66-10 нөміріне хабар беруді сұраймыз". Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады