ҚР ІІМ түрмелер есірткімен ұсталған жасөспірім қыздарға толы деген сыбысқа қатысты түсінік берді

Сурет: pixabay
Қазақстандық колониялар есірткіні жасырын орынға "қойып кетумен" айналысқан жасөспірім қыздарға толы деген ақпаратты ҚР ІІМ жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake-нің мәліметінше, әлеуметтік желіде Қазақстан түрмелерінде 14 жастан асқан жасөспірім қыздар көп деп мәлімдеген қыздың видеосы тараған. Видео авторының айтуынша, олардың барлығы есірткіні жасырын орынға "қойып кетумен" айналысқаны үшін бас бостандығынан айырылған. ҚР ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған пенитенциарлық мекемелерде 5 қыз бар. Олардың біреуі ғана есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін жасырын орынға есірткі "қоюшы" 17 жасар теміртаулық студенттің жеті жылға сотталғаны хабарланған болатын. Ол Теміртауда синтетикалық есірткіні жасыратын орындарды "толтырумен" айналысқан. Заңсыз әрекеті әшкере болған студент қыз ұсталды. Кәмелетке толмаған қыздың жанынан есірткі және ішінде қылмыстың сипатын айқындайтын суреттер бар смартфон табылды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы