Өскеменде студенттердің астан улануы: Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары қолға алынды

Сурет: pixabay
Өскеменде колледждердің бірінің асханасында бірінші курс студенттерінің астан улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу ықтималдылығына байланысты асхананы жалға алушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Аталған фактіге сәйкес, 2023 жылдың 11 қазанында Өскемен қалалық ПБ Үлбі полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы, 1-бөлігі, яғни "Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар мен зертханалық зерттеулер тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады", - делінген ПБ хабарламасында.

Бұған дейін "Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі" КММ-ның оншақты бірінші курс студенттері жедел жәрдем көлігімен "Ана мен бала" орталығына жеткізілгені хабарланған болатын. Барлық студенттерге "тағамдық токсикоинфекция" диагнозы қойылды. Науқастар тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.

Өткен жылы Рудныйдағы тау-кен технологиялық колледжінде осыған ұқсас оқиға орын алған. Санитарлық нормаларды сақтамау салдарынан асханада 14 студент уланған. 2023 жылдың 7 тамызында сот колледж асханасын жалға алушы - "S-Salta" ЖШС басшысына қатысты үкім шығарды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Алматы тауларынан қауіпті зат табылды

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Астанада жоғалып кеткен балаларды іздеуге полицейлер, төтеншеліктер және әскери қызметкерлер жұмылдырылды