Абай облысында күш құрылымдарының экс-қызметкерлері отырған түрмеде кісі өлімі орын алды

Сурет: Zakon.kz
Кісі өлтіру оқиғасы 2023 жылдың 5 қазанында болды. Екі сотталушы төбелесіп, салдарынан ауыр жарақат алған олардың бірі оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеменің бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚАЖД.

"5 қазанда Абай облысының №19 аралас қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде екі сотталушының арасында жанжал туындап, салдарынан сотталғандардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеменің бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды". Абай облысы бойынша ҚАЖД

ҚАЖД аталған колонияда құқық қорғау органдарының, оның ішінде прокуратура, ҰҚК, Ұлттық ұланның бұрынғы қызметкерлері отырғанын да растады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды