Алматы облысында аудан әкімі жауапқа тартылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қарасай ауданы әкімін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынбаған үміткерді Қарасай ауданы Кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы лауазымына тағайындағаны анықталды.

"Бөлім басшысы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға. Сондықтан бұл ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген талаптарды бұзу болып табылады (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы)". ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

Аталған тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Істі қарау барысында әкім кінәсін толық мойындады.

Нәтижесінде әкімге 50 МРП (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Алматы облысы
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты