Азаматтарға банк қарызы мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы берілмек

Сурет: unsplash
Бұл үшінші тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттер рәсімдеуінің алдын алады. Тыйым салуды "электрондық үкіметтегі" жеке кабинетте жасауға болады.

Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескеріледі. Азаматтар өздерінің дербес деректерімен жасалған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе смс арқылы біле алады. Бұл туралы ҚР парламенті мәжілісі хабарлады.

Сонымен қатар дербес деректер базаларының меншік иелері мен операторларына бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау міндеті енгізіледі.

Мәжіліс бүгін осы мәселеге қатысты ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түзетулерді қабылдап, сенаттың қарауына жіберді.

Депутаттардың бастамашылығымен әзірленген заң жобасы 27 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданған еді.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз