СҚО-да жүк пойызы 16 бас ұсақ малды жапырып өтті

Сурет: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысының Белеградовка – Жаңаесіл аралығында жүк пойызының машинисі шұғыл тежегішті қолданды. Алайда кеш болып, жүк пойызы ұсақ малдарды жапырып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 1624 фактісі тіркелді, оның ішінде темір жол төсемінде жануарлардың болуы себебінен – 1077. Мәселен, 3 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Белеградовка – Жаңаесіл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген ұсақ малмен соқтығысудың алдын алу үшін шұғыл тежеу қолданған. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 16 бас ұсақ малды қағып кетті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады.


"Тексеру барысында үй жануарларының иесі анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 58 жастағы тұрғыны болып шықты.Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (Теміржолдарға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды".
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты