Семейде жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі ұсталды

Сурет: polisia.kz
Семейде LEXUS көлігі жүргізушісінің жалған нөмірмен жүргені және 522 мың теңге сомасында ЖҚЕ бұзушылықтарға жол бергені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылдың 5 қарашасында БАРС-618 автопатрулі патрульдеу маршрутында агрессивті жүргізген көлік құралын басқарған жүргізушіні байқады. Ауыр зардаптарға, соның ішінде адамдарға соқтығысуына жол бермеу мақсатында полицейлер оны база бойынша тексеріп, LEXUS жүргізушісінің жалған нөмірде жүргенін және 522 мың теңге сомасында ЖҚЕ бұзушылықтарға жол бергенін анықтады. 

"Құқық бұзушыға қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, көлікті айыппұл тұрағына қойылды", делінген полиция хабарламасында.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды