Қыз-келіншектерге АИТВ жұқтырып, сотты болған Теміртау тұрғыны апелляциялық шағым түсірді

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облыстық соты Теміртау қалалық сотының әйелдерге АИТВ жұқтырған ер адамға қатысты шығарған үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облыстық сотының хабарлауынша, апелляциялық шағымда сотталған бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіспей, оны өзгертуді, тағайындалған тым қатал жазаны жеңілдетуді сұрады.

"Сот алқасы ҚР Қылмыстық Кодекстің 118-бабы 3-тармағы бойынша сотталушының кінәсінің дәлелденгені және іс-әрекетінің дұрыс саралануы туралы сот қорытындыларымен келісті. Сот сотталған адамға жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның жеке басын ескере отырып, ҚК-нің 118-бабы 3-бабының санкциясы шегінде жаза тағайындады".  Қарағанды облыстық соты

Айта кетсек, 2 қарашада Теміртау қалалық соты қала тұрғыны өзінің ауру екенін біле тұра, қыз-келіншектерге әдейі ауру жұқтырған деп қорытынды шығарды. Осыған байланысты оны қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне 6 жыл 6 айға тоғыту түрінде жаза тағайындалды. 

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды