Өскеменде мас күйінде рөлге отырып, үш көлікті қаққан әйелге қатысты сот үкімі шықты

Сурет: pixabay
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы, 3-бөлігі және 611-бабы, 2-бөлігі бойынша азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2023 жылы 25 қазанда кешкі уақытта Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы,  №91 үйдің маңында азаматша А. өзінің әрекетінің заңсыз екенін біле тұра орташа дәрежеде масаң күйінде көлік құралын басқара отырып, жолдың жиегінде тұрған автокөліктермен соқтығысып, үш көлікті зақымдағаны анықталды.

Оған қоса заң бұзушы оқиғасы орнынан ізін суытқаны да белгілі болды.

Сотта А. кінәсін жартылай ғана мойындады: атап айтқанда, жол апатын жасағанын, оқиға орнын тастап кеткенін, алайда сол кезде масаң күйде болмағанын, алкогольдік ішімдікті үйге келген соң тұтынғанын айтқан.

Сот А-ны кінәлі деп танып, оған қатысты 20 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру шарасын қолдануды үкім етті.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты