Алматыда Chrysler жол бойында тұрған үш көлікті "талқандады"

Сурет: gov.kz
Медеу ауданында жаппай жол апаты болды. Chrysler жүргізушісі Сәтбаев көшесімен батыс бағытта келе жатып, Назарбаев даңғылына жете бергенде рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған үш көлік пен мопедті жапырып өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.


Алматы қалалық ПД-ның хабарлауынша, жол апаты кезінде адамдар зардап шеккен жоқ.

Жол-көлік оқиғасын Медеу ауданының ПБ қызметкерлері тергеуге кірісті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты